384,77 427,95 6.05
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Павлодар облысында екі локомотивтік құрам соқтығысты

  • 190
  • UPD: 16:51, 15.11.2019
Павлодар облысында екі локомотивтік құрам соқтығысты inform.kz/kz

Павлодар облысындағы «Богатырь» разрезінде екі локомотивтік құрам апатқа ұшарады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«14 қарашада сағат 12:00-де «Богатырь» разрезінде екі локомотив құрамы соқтығысты. Бір машинист зардап шекті. Оған барлық қажетті медициналық көмек көрсетілді. Қазіргі кезде оның денсаулығы тұрақты деп бағалануда. Сондай-ақ, басқа да жұмысшылардың денсаулығына қатер төнген жоқ», - делінген Павлодар облысы әкімдігінің мәліметінде.

Айта кетейік, аталған локомотив апатына байланысты Индустриялық даму және өнеркәсіптік қауіпсіздік комитетінің Павлодар облысы бойынша департаментімен бірлесе тексеру шаралары жүріп жатыр.

Қазіргі кезде «Богатырь Көмір» ЖШС қызметі қалыпты режімде жұмыс істеуде.

Хабар 24 телеарнасы