384,77 427,95 6.05
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Алматы облысында жол бойында жатқан ер адамды көлік басып кетті

  • 156
  • UPD: 15:39, 25.11.2019
Алматы облысында жол бойында жатқан ер адамды көлік басып кетті

Алматы облысының Қарасай ауданындағы Екпінді ауылының маңында ер адамды көлік басып кетті, деп хабарлады ҚазАқпарат.

Қайғылы жағдай Шамалған – Бұрындай автожолының бойындағы Екпінді ауылының маңында таңғы сағат 4:00-дер шамасында болған. Алдын ала мәліметке қарағанда, ер адам жолдың бойында көлденең жатқан. Ал «Тoyota» автокөлігінің 1990 жылғы жүргізушісі жолда жатқан адамды байқамаған. Себебі қалың қар жауып, жол жиегі көрінбеген. 29 жастағы азамат ер адамды басып кеткеннен кейін ғана тоқтап, жедел жәрдемді шақырған. Ал көлік басып кеткен адам мерт болды. Жәбірленуші нақты неден және қалай және қай уақытта жан тапсырғанын полицейлер анықтайтын болады. Әзірге көз жұмған адамның тұлғасы анықталған жоқ. Алматы облыстық Полиция департаментінің баспасөз қызметі аталған фактіні растады.

«Оқиғаны растаймыз. Осы фактіге орай ҚР ҚК 345 бабының 3 тармағына сәйкес сот алды тергеу жүріп жатыр. Қажетті сараптамалар тағайындалды», - деді аталған ведомствоның баспасөз қызметі.

Хабар 24 телеарнасы