418,52 493,00 5.72
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Қызылордадағы апат: Елжан Біртанов зардап шеккендердің жағдайын айтты

  • 622
  • UPD: 12:22, 03.12.2019
Қызылордадағы апат: Елжан Біртанов зардап шеккендердің жағдайын айтты obk.kz

ҚР Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов Қызылорда облысында жол апатынан зардап шекендердің жағдайын айтты, деп хабарлады ҚазАқпарат.

«Ауыр жарақаттанған 6 адам облыстық ауруханаға жеткізілді. 16-сы орташа деңгейде, 7-теуі жеңіл-желпі жарақаттанған. Республикалық шұғыл медициналық көмек орталығы тарапынан қолдау көрсетіліп жатыр, санитарлық авиация бригадасы да барды», - деді министр Үкімет отырысынан кейін БАҚ өкілдеріне.

Сонымен қатар ол қазіргі уақытта зардап шеккен барлық азаматқа қажетті медициналық көмек көрсетіліп жатқанын баса айтты.

«Жағдайды мониторингілеп отырмыз. Егер пациенттерді барынша жоғары технологиялық орталықтарға жеткізу қажеттігі туындайтын болса, онда біз оған да дайынбыз», - деді Елжан Біртанов.

Соңғы деректер бойынша, Қызылорда облысындағы жол апаты құрбандарының саны 8-ге жетті.

Қызылорда облысында бүгін таңғы сағат 5 шамасында жолаушылар автобусы аударылған болатын.

Хабар 24 телеарнасы