377,86 418,90 6.10
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Ақтауда шыршаны заңсыз сатқан саудагер ұсталды

  • 180
  • UPD: 20:04, 26.12.2019
Ақтауда шыршаны заңсыз сатқан саудагер ұсталды

Ақтауда заңсыз шырша сатқан саудагер ұсталды. Жалпы қазір Маңғыстауда бір шыршаның бағасы 8 мыңнан 50 мың теңгеге дейін барады екен.

Жергілікті полиция арнайы рейд өткізіп, пиротехникалық заттарды сатудың заңдылығын да тексеріп шықты. Сөйтіп, сөре астынан заңсыз сауда жасаудың он дерегін анықтаған. 

Нұржан Махмұтов, облыстық жергілікті полиция қызметі басшысының орынбасары:

- Іздеуде жүрген анықталды. 5 қылмыскер анықталды. Жарылғыш заттар сату бойынша қазір бізде 8 фактіге әкімшілік хаттама толтырылып, шаралар қолданылып жатыр. Және шыршаларды әкеп сатқан мекеменің құжаттарын тексерудеміз. Егер заңды болып анықталса, онда мекемелерде әкімшілік шараға тартылатын болады.

Хабар 24 телеарнасы