380,93 420,00 6,10
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Жамбыл облысында екі теміржолшыны пойыз басып кетті

  • 114
  • UPD: 14:30, 14.01.2020
Жамбыл облысында екі теміржолшыны пойыз басып кетті

Теміржол ұйымының екі жұмысшысын жолаушылар пойызының басып кетуіне байланысты тергеу басталды, деп хабарлады ҚР ІІМ Көлік департаментінің баспасөз қызметі.

13 қаңтарда Жамбыл облысының Бел станциясына кіре беріс Алматы – Ақтөбе бағытында қатынайтын жолаушылар пойызының локомотиві екі адамды басып кетті. Екеуі де оқиға орнында қаза тапты. 

Олардың теміржол ұйымының 33 және 44 жастағы екі жұмысшысы екені анықталды.

Тергеу жүргізіліп жатыр, тергеу барысында оқиғаның мән-жайы анықталады.

Хабар 24 телеарнасы