429,37 504,00 5.54
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Қарағандыда бірнеше аудан жарықсыз қалды

  • 221
Қарағандыда бірнеше аудан жарықсыз қалды

Кейбір аумақта тоқ кернеуі төмендеп кеткен. Мамандардың айтуынша, электр сымдарына мұз қатып, жел күшейгенде үзіліп қалған. Тоқ болмаған соң жылу магистралының сорғысы да тоқтап, пәтерлер салқындап кеткен. Аймақта боран соғып тұрғандықтан электр желісін қалыпқа келтіру оңай болмай тұр. Түнгі сағат 2–ден бастап 36 бригада тынымсыз жұмыс істеп жатыр.

Сергей Седлецкий, «Қарағанды жарық» компаниясы техникалық директорының орынбасары:

- Қатты жел тұрғанда автоматты гидравликалық көтергішті қолдануға тыйым салынған. Әрі ат құлағы көрінбейтін боран монтерлердің жұмысына едәуір кедергі келтіріп тұр. Егер күн ашылса, 3-4 сағатта барлық желілерді қалыпқа келтіреміз. Қазір біздің бригада жігіттері бірінші кезекте мектеп, аурухана, балабақша секілді әлеуметтік нысандардың тоқсыз қалмауын қамтамасыз етіп жатыр.

Хабар 24 телеарнасы