421,58 498,90 5.57
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Мас күйінде көлік тізгіндеген әйел блокпостты алып тастауды талап етті

  • 288
  • UPD: 17:29, 12.05.2020
Мас күйінде көлік тізгіндеген әйел блокпостты алып тастауды талап етті

Түркістан облысының тұрғыны мас боп көлік жүргізгені үшін 7 жылға жүргізуші куәлігінен айырылды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Төлеби АПБ ЖПҚ-нің патрульдік полиция инспекторлары Түркістан облысына енгізілген карантинге байланысты Леңгір қаласында орналасқан блокпостқа BMW автокөлігі келіп тоқтайды. Көлікті жүргізуші қыз полиция қызметкерлерінен жолдың қоршауын алып тастауды талап етеді. Құжаттарды тексеру кезінде полиция қызметкерлері жүргізуші мас болуы мүмкін деп күдіктенеді. Тәртіп сақшылары жүргізуші әйелден көліктен шығуын сұрайды, алайда ол заңды талаптарға бағынбай өзінің дөрекі мінезін көрсете бастайды. Полицейлер жүргізушіні ұстады және облыстық наркологиялық диспансерге медициналық куәландыру үшін жеткізді. Қорытындыға сәйкес әйелдің орта дәрежелі алкогольдік масаң күйде болғаны анықталды.

Ал автокөлікті полицейлер айып тұрағына қойды. Тәртіп бұзушыға қатысты полиция қызметкерлері ҚР ӘҚБтК-нің екі бабы бойынша әкімшілік хаттама толтырды, олар: “Төтенше жағдай кезінде құқық тәртібін бұзуға итермелейтін іс-әрекеттер” және 608-бап (жүргізушінің алкогольден, есірткіден және (немесе) уытқұмарлықтан масаң күйде көлік құралын басқаруы, сол сияқты көлік құралын алкогольдік, есірткіден және (немесе) уытқұмарлықтан масаң күйдегі адамға беру). Нәтижесінде 28 cәуірде Төлеби аудандық сотының шешімімен Леңгір қаласының тұрғыны жеті жылға көлік жүргізу құқығынан айырылып, оған 111 120 теңге көлемінде айыппұл салынды. Түркістан облысының полицейлері автокөлік иелеріне жол қозғалысы ережелерін сақтауға, сондай-ақ карантин режиміндегі шектеулерді бұзбауға кеңес береді.

Хабар 24 телеарнасы