412,55 465,50 5.82
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Балықтардың су бетіне шығуы: мамандар Есілден сынама алды

  • 110
  • UPD: 11:10, 27.05.2020
Балықтардың су бетіне шығуы: мамандар Есілден сынама алды

Есіл өзенінде балықтар жаппай су бетіне шыққаны туралы ақпаратқа сәйкес «Қазгидромет» РМК судан сынама алды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Нұр-Сұлтан қаласында Есіл өзеніндегі балықтардың ерекше құбылысы жөнінде БАҚ-та жарияланған ақпаратқа байланысты 26 мамыр күні ҚР Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігі «Қазгидромет» РМК Нұр-Сұлтан қаласы бойынша Экологиялық мониторинг департаментінің Қоршаған ортаның ластану мониторингі сынақ зертханасының қызметкерлері жоспардан тыс су сынамаларын алды», - делінген «Қазгидромет» РМК мәліметінде.

Су сынамалары келесі нүктелерден алынған:

- «Қараөткел» автожол көпірінің астында;

- «Қараөткел» автожол көпірінен 0,5 км жоғары;
- «Қараөткел» автожол көпірінен 0,5 км төмен;

Жер беті суларының сапасын талдау 42 физика-химиялық көрсеткіш бойынша жүргізіледі. Оның ішінде басты иондар, биогенді, органикалық және органикалық емес заттар, ауыр металдар бар.

«Бірінші күннің талдауы бойынша судың температурасы 23,7 - 24,2 градус шегінде екені анықталды. Сутегі көрсеткіші 8,70-8,75. Суда еріген оттегінің концентрациясы қалыпты және 9,30-11,8 мг/дм3 диапазонында. Түсі 25-30 градус, мөлдірлігі 25 см, иісі 0 балл, табиғи суға тән емес иістер табылмады. 27 мамырда қалған көрсеткіштер бойынша талдау нәтижелері туралы қосымша ақпарат жарияланатын болады. Сондай-ақ 31 мамырда 5 тәуліктен кейін дайын болатын «оттегіні биохимиялық тұтыну (5)» анализінің нәтижесін ұсынамыз», - деді компанияның баспасөз қызметінен.

Хабар 24 телеарнасы