423,41 498,70 5.56
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Оралда жазғы дәмхана өртенді

  • 310
Оралда жазғы дәмхана өртенді

2020 жылдың 27 мамыр күні сағат 18:00-де Орал қаласының Шолохов көшесі 35 мекенжайы бойынша орналасқан «Пивовар» жазғы дәмханасы, валюта айырбастау пункті отқа оранды.

Жалын шамамен 250-300 шаршы метр аумақты шарпыған.

Өртеніп жатқан ғимараттан өрт сөндірушілер жедел түрде 4 газ және 2 оттегі баллонын алып шықты. Зардап шеккендер жоқ. Тілсіз жауды тізгіндеуге БҚО Төтенше жағдайлар департаменті өрт сөндіру қызметінің 83 қызметкері мен 22 техникасы жұмылдырылып, өрт 18:50-де өшірілді. Оқыс оқиғаның себеп-салдары анықталуда.

Авторы: : Е. Жылқайдарұлы

Хабар 24 телеарнасы