420,76 499,50 5.62
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Қапшағай маңында шыққан өрт түтінінде улы заттар мөлшері нормадан асып кетті

  • 270
  • UPD: 22:53, 11.06.2020

Алматы іргесіндегі қоқыс полигоны әлі өртеніп жатыр. Мұнда шыққан өрт әлі сөнер емес. Өртті сөндіруге тікұшақ жұмылдырылды.

Қазір қоқыс полигонында арнайы техника тынбай жұмыс істеп жатыр.  Ал Қазгидромет мамандары өрт болған жерден ауа сынамасын алды.

Мамандардың айтуынша, өрттен 1,5 шақырым жерде күкірт диоксиді мен формальдегид мөлшері нормадан жоғары. Соққан желден көк түтін жолдың қарсы бетінде тұрған саяжайға кетіп жатыр. Жол да түтіннің ішінде қалған. Соның кесірінен кеше Алматы-Қапшағай тас жолында сегіз көлік соғылды.

Абырой болғанда, ешкім ауыр жарақат алмаған. Полигонның жалпы аумағы 38 гектар. Соның 3 гектары өртке оранған.

Хабар 24 телеарнасы