429,37 504,00 5.54
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Сексендегі кейуананың сөмкесін қолды қылған ұры ұсталды

  • 209
  • UPD: 11:26, 25.06.2020

Теміртаудағы дәмханалардың бірінде  жанжал шығып, екі адам жарақат алды. Куәгерлердің айтуынша, тамақтану орнына бір топ жігіт келіп, бейтаныс қызға тиіскен. Оны байқаған 34 және 35 жастағы екі азамат араша түспек болады. Алайда соққының астында қалған. Бұзақылар оқиға орнынан қашып кеткенмен, алысқа ұзамады. Тәртіп сақшылары қолға түсірді. Ал түрлі дене жарақатын алған екі жігітке дәрігерлік көмек көрсетілді. 

Оралда өз үйінің ауласында 60 түп қарасора еккен күдікті ұсталды. Қазір тәркіленген айғақ заттар сараптамаға жіберілген. Тыйым салынған өсімдікті өзім үшін ектім деп ақталған тұрғын енді заң алдында жауап береді. Оған 2 мың айлық есептік көрсеткіш көлемінде айыппұл салынуы  немесе 2 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалуы мүмкін. 

Әлия Наурызғалиева,  ПД баспасөз қызметінің өкілі:

- Жедел іздестіру іс шаралары кезінде 1981 туған тұрғынның жеке үйінің ауласында горшокта отырғызылған екі түп қарасора, сондай аулада өсіп тұрған 59 түп қарасора тәркіленген. Аталған факт ҚР ҚК 300 бабы 1-бөлігі бойынша тергеп тексеру басталды. 

Петропавлда егде жастағы әйелге шабуыл жасап, сөмкесін қолды қылған қылмыскер құрықталды. 80 жастағы тұрғынның сөмкесінде зейнетақысы болған. Жәбірленуші дереу тәртіп сақшыларына қоңырау шалады. Қылмыстың ізін суытпай полиция қызметкерлері ұрыны ұстаған. Күдікті бұрын сотталған Ақмола облысының тұрғыны болып шықты. Аталған факт бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 191-бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу тексеру амалдары жүргізіліп жатыр. 

Қызылордалық полицейлер қорасына марихуана егумен айналысатын 59 жастағы азаматты ұстады. Облыс орталығы маңындағы Бірқазан ауылы тұрғынының мекенжайын тінту барысында 40 түп сора өсімдігі жайқалып тұрғаны анықталды. Аталған дерек бойынша өсiруге тыйым салынған өсiмдiктердi егу немесе сора, көкнәр секілді құрамында есiрткi заттар бар сұрыптарды күтіп баптау бойынша сотқа дейінгі тергеп тексеру амалдары басталды. Күдікті қалалық полиция басқармасының уақытша ұстау абақтысына қамаққа алынды.

Ерболат Тұрахметов, облыстық ПД басқарма бастығы:

- «Қарасора-2020» жедел профилактикалық іс-шарасының 20 күнінде барлығы 56 есірткі құқық бұзушылығы анықталса, оның 27 дерегі есірткі егіп-баптау және 2 ірі мөлшерде есірткі сақтау деректері.

Хабар 24 телеарнасы