418,17 495,30 5.70
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Атырауда техникалық қызмет көрсету станциясы жанып кетті

  • 212
  • UPD: 12:04, 02.07.2020
Атырауда техникалық қызмет көрсету станциясы жанып кетті

Атырау қаласының орталығында техникалық қызмет көрсету станциясы жанып кетті, деп хабарлады Polisia.kz.

1 шілде күні сағат 21:21-де диспетчерлік қызмет пультіне Атырау мөлтек ауданында 150 шаршы метр болатын көлік жөндеу орталығының жанып жатқаны туралы шақырту түскен.

Атырау облысы ТЖД «ӨС және АҚЖҚ» ММ 17 қызметкері мен бес техникасының күшімен жергілікті уақыт бойынша сағат 22:56-да өрт толығымен сөндірілді.

Қаза болғандар мен зардап шеккендер жоқ. Өрттің себебі және шығыны анықталып жатыр.

Хабар 24 телеарнасы