430,39 515.14 5.65
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

ШҚО-да балабақша басшысы мен есепшісі бірігіп 28 млн теңгені жымқырған

  • 480
  • UPD: 21:36, 06.07.2020
ШҚО-да балабақша басшысы мен есепшісі бірігіп 28 млн теңгені жымқырған altaynews.kz

Шығыс Қазақстан облысының Алтай ауданындағы мектепке дейінгі мекеменің басшысы мен есепшісі шамамен 28 миллион теңгені өз қалталарына басқан, деп хабарлайды Altaynews.

Алаяқтық схемасы мынадай: есепте тиісті жалақыны көбірек көрсету арқылы бюджеттік ақшаны аударып, кейін жеке кәсіпкер арқылы «қолға» алып отырған.

«Мекеме қызметкерлеріне сыйақы берудің орнына олар іссапар, қызметкерлердің уақытша жұмысқа жарамсыздық және еңбек демалысы төлемдерінен үнемделген қаражатты жалақы есебінде жымқырып отырған. Ақша аударылымы жан басына қаржыландыру есебінде жүргізіліп отырған, орта есеппен ол 270 баланы құрайды. Алайда, олардың кейбіреуі, тіпті тұрғылықты жерін де өзгерткен», деп хабарлады ШҚО Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметі. –

Шығыс Қазақстан облысы бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет басшысының орынбасары Әділхан Сабуров Қазақстан Республикасы Қылмыстық іс жүргізу кодексінің 200-бабы аясында басшының және есепшінің үстінен қылмыстық істің қозғалатынын айтады.

Сондай-ақ ол балабақша тізімінде жоқ балаларды анықтауға баса назар аудара отырып, балабақшалардың кадрлық құрамын тексеретін комиссия құруды ұсынды. Бұл бюджет қаражатын орынды жұмсауға және басқа құқықбұзушылықтарды бағалауға мүмкіндік бермек.

 

Хабар 24 телеарнасы