424,85 498,70 5.58
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Оралда бір күнде екі адам суға батып кетті

  • 289
  • UPD: 18:03, 06.07.2020
Оралда бір күнде екі адам суға батып кетті inform.kz

Оралда су қоймасына 17 және 36 жастағы ер адамдар суға батып кетті.

Бұл туралы «Мой ГОРОД» сайты хабарлайды.

Бірінші оқиға 4 шілде күні сағат 17:00 шамасында Шаған өзенінде болған. БҚО ТЖД баспасөз қызметінің хабарлауынша, 17 жастағы жігіт жабдықталмаған жерде шомылып жүріп батып кеткен.

Жас жігіт достарымен бірге Шаған өзеніндегі монумент маңында шомылған. Сағат 20:00 шамасында құтқарушылар оның денесін судан алып шығады.

Екінші қайғылы оқиға да 4 шілде күні 19:30 шамасында Орал өзенінде болды. 36 жастағы ер адам да достарымен жабдықталмаған жерде шомылған, сондай-ақ олар алкогольді сусындар ішкен.

Сағат 20:05-те құтқарушылар оның да денесін судан алып шығады.

Хабар 24 телеарнасы