421,58 498,90 5.57
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Қостанайда өртенген үйден бір адамның мүрдесі табылды

  • 192
  • UPD: 16:26, 19.08.2020
Қостанайда өртенген үйден бір адамның мүрдесі табылды

18 тамыз күні сағат 23:43-те Қостанай қаласының өрт сөндіру қызметіне Чехов көшесіндегі жеке тұрғын үйдің өртеніп жатқандығы хабарланған.

Дереу шақырту орнына жеткен өрт сөндіру тобы ас үйден 1957 жылы туған ер адамның мәйіті тапты. Өрт сағат 23:56-да ауыздықталып, 00:11-де сөндірілді. Тілсіз жау 20 шаршы метрді шарпыған.

Өртті сөндіруге 19 адам және 5 техника жұмылдырылды. Өртке электр сымдарының қысқа тұйықталуы себеп болуы мүмкін.

Хабар 24 телеарнасы