426,32 497,47 5.54
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Жаңаөзенде көшеге тасталған жаңа туған баланың анасы іздестірілуде

  • 185
Жаңаөзенде көшеге тасталған жаңа туған баланың анасы іздестірілуде

Жаңаөзенде көшеге лақтырылған жаңа туған баланың анасы іздестірілуде, деп хабарлайды Polisia.kz.

11 қыркүйек күні сағат 23:00-де Жаңаөзен қаласы Полиция басқармасының кезекші бөліміне жедел жәрдем станциясынан үйлердің бірінің жанында жаңа туған сәби табылғаны туралы телефон қоңырауы түсті. Аталған дерек ҚР ҚК 119-бабының 1-бөлігі «Қауіпті жағдайда қалдыру» бойынша Жаңаөзен қаласы полиция басқармасының сотқа дейінгі тергеудің бірыңғай тізіміне тіркелген. Қазіргі уақытта ананы анықтауға бағытталған жедел-іздестіру шараларының кешені жүргізілуде.

Бала сау. Ол Жаңаөзен қалалық ауруханасының перзентханасында жатыр.

Хабар 24 телеарнасы