Алматыда Lexus көлігі 15 жастағы оқушыны қағып кетті.
Жасөспірім оқиға орнында көз жұмды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Жол апаты Түрксіб ауданындағы Бекмаханов көшесінде кешкі 20:00 шамасында болған. Полиция департаментінің хабарлауынша, 15 жастағы ұл бала тыйым салынған жерден жүгіріп өтпек болған. Жарақаты ауыр болғандықтан, ол сол жерде көз жұмды.
«Бұл дерек ҚР ҚК 345-бабының 3-бөлігімен бірыңғай тергеу ісі реестріне тіркелді. Ол үшін тиісті сараптамалар тағайындалды», – деді ПД баспасөз қызметінен.