428,68 501,70 5.55
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Шымкентте жол апаты болды: адам шығыны бар

  • 147
  • UPD: 10:37, 09.10.2020
Шымкентте жол апаты болды: адам шығыны бар

Шымкенттегі Самал-3 шағын ауданында кешкі сағат 22:00-де жан түршігерлік жол апаты болды.

Басты жолмен келе жатқан Mercedes ML көлігіне кенеттен екінші жолдан шыға келген ВАЗ-2114 көлігі жол бермеген, деп хабарлады otyrar.kz.

Ішінде 1989 жылғы жүргізуші мен оның анасы болған Mercedes қатты соққыдан аударылып қалды. Апаттың куәгерлері жедел жәрдем мен полиция қызметкерлерін шақырған. Өкінішке қарай, Mercedes көлігінің 31 жастағы жүргізушісі ауруханаға бара жатқан жолда көз жұмды. Оның ауыр жарақат алған анасы ауруханаға жатқызылды. Ол ұлынан айрылғанын әлі білмейді.

ВАЗ жүргізушісі де жеңіл жарақаттар алған.

Адам өліміне соқтырған апаттың себептері анықталуда.

Хабар 24 телеарнасы