424.49 509.00 5.59
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Ақтөбеде жезөкшелер жеңгетайымен бірге ұсталды

  • 96
  • UPD: 11:18, 16.11.2020

Ақтөбеде интимдік қызмет көрсететін жезөкшелердің ордасы анықталды.

Көзден таса әрі күдік тудырмас үшін орталық СПА-салон түрінде жұмыс істеп келген. Жедел шара барысында салонға келушілерге жезөкшелердің қызметін ұсынып, жеңгетайлықпен айналысқан сол жердің әкімшісі ұсталды.

Бөлмелерді тексеру кезінде тәнін сатқан екі қыз да қолға түсті. Олар Ақтөбе облысының тұрғындары болып шықты. Қазір аталған дерек бойынша сотқа дейінгі тергеу жүріп жатыр.

Хабар 24 телеарнасы