423.87 509.00 5.59
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Түркістан облысында полицей зейнеткерді өлімнен арашалап қалды

  • 141
  • UPD: 15:54, 17.11.2020
Түркістан облысында полицей зейнеткерді өлімнен арашалап қалды

Түркістан облысында туристік полиция қызметкері зейнеткерді өлімнен арашалап қалды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Оқиға Отырар ауданындағы Арыстан баб кесенесінің маңында болған. Күнделікті қызметін атқарып жүрген инспектор Рахман Ниязбеков осы жерде ауа жетпей жатқан азаматшаны байқап қалған. Тәртіп сақшысы еш ойланбастан көмекке ұмтылып, әйелге жасанды тыныс алдыртқан. Кейін жедел жәрдем бригадасын да шақыртыпты. Қазір науқастың денсаулығына еш қауіп жоқ.

Рахымжан Ниязбеков, Отырар аудандық патрульдік полиция тобының инспекторы:

– Ауырған кісілер келеді, соларға көмектесеміз. Үлкен кісілер бара алмайды, соларды апарамыз. Тоқсанға, сексенге келген кісілер осы әулиеге келейік деп алыс жерден келеді. Алғыстарын айтып кетеді.Оларға қолдан келген көмегімізді көрсетеміз.

Хабар 24 телеарнасы