420,67 511.30 5.60
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Қостанайда мемлекеттік қызметкер 10 жылға сотталды

  • 124
  • UPD: 20:05, 22.12.2020
Қостанайда мемлекеттік қызметкер 10 жылға сотталды

Облыстық білім басқармасына қарасты қаржыландыру бөлімінің жетекшісі алаяқтық жасағаны үшін айыпталып отыр.

Себебі ол аймақтағы кәсіпкерлердің бірінен тендерді жеңуге көмектесемін деп, олардан 14 млн теңге пара алған. Шенеунік бұл әрекетін елдегі төтенше жағдай кезінде жасаған.

Зәуре Едікова, облыстық сот баспасөз қызметінің жетекшісі:

– Сот 10 жыл мерзім көлемінде жаза тағайындады. Сотталушы жазасын қылмыстық-атқару жүйесінің орташа қауіпсіз мекемесінде өтейді. Сондай-ақ ол өмір бойына мемлекеттік қызметтен шеттетілді.

Хабар 24 телеарнасы