387,34 428,00 6.02
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Павлодар облысында жартылай дайын өнім шығаратын желі іске қосылды

  • 1876

Павлодар облысының Көктөбе ауылында жеке кәсіпкерлер үй шаруашылығындағы әйелдердің жұмысын жеңілдетіп берді.

Жергілікті шаруақожалығы жартылай дайын өнім шығаратын желіні іске қосты. Ауылдағы ағайын өңдеу технологияларын игеріп, жерлестерін сапалы азық-түлікпен қамтамасыз етпек.

Жеке кәсіп ашуды Сара Тәшенова көптен армандапты. «Бизнестің жол картасы - 2020» бағдарламасына қатысып, жеңілдетілген несиенің арқасында жартылай дайын өнім өндірісіне қажет желілерге қол жеткізді.

Күлжанова Тілектес, сатушы:

- Қазы-қарта айналдырамыз. Міне ,қоспа, құрманы істейміз. Тұшпара, тефтели, котлет, холодец сияқты қолымыздан келген өнімнің бәрін шығарып жатырмыз.

Жартылай дайындалған тағам түрлері жергілікті тұрғындардың көңілінен шықты. «Бағасы көңілге қонымды, дәмі тіл үйіреді», - дейді олар. Сұраныс күннен күнге көбейіп келеді.

Мәриям Тәшенова, технолог:

- Бірыңғай сиырдың етінен, жылқының етінен фарш болады. Қосылмай өнімнің барлығы таза еттен жасалады. Сапасы өнімді, жақсы, таза ет. Бәрі халал.

Сара Тәшенова жеке бастамасын ары қарай дамытуға бел буып отыр. Менеджмент, маркетингті меңгеріп, өнімді өткізудің тың тәсілдерін үйрене бастаған. Келешекте қала нарығына шығатын жоспары бар.

Сара Тәшенова, шаруашылық басшысы:

- Мақсатымыз үлкен, әрине. Өнімдерімізді енді өзіміздің Ақсу қаласына, осы Павлодарда, Астанаға дейін барамыз деп, осы өзіміздің өнімді сол жақта сатамыз деген ойымыз бар.

Ауданда мал басы көбейіп, өнім өңдейтін жаңа цехтар ашылып жатыр. Ең бастысы, жеке кәсіпкерлікті дамытуға ауыл тұрғындары тарапынан зор қызығушылық бар.

Ардақ Қаңтарбаев, Май ауданының әкімі:

- Осы 16 жылы өткен жылмен салыстырғанда 15 пайызға дейін жалпы шаруа қожалықтары, кәсіпкерлер саны артты. Серіктестіктер көбейді.

Май ауданы соңғы жылдары жоғары экономикалық көрсеткіштерге қол жеткізіп отыр. Жеке кәсіпкерлікті дамыту жөнінен облыстың жетекші аудандарының қатарына енді.

Авторлары: Қарлығаш Қасиетова, Марат Игіліков, Алексей Омельницкий

Хабар 24 телеарнасы