378,36 406,00 5,78

+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


16-18 қаңтарда Елбасы Америка Құрама Штаттарына ресми сапармен барады

  • 1178
  • UPD: 12:42, 10.01.2018

Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев  алдағы 16-18 қаңтар күндері  ресми сапармен Америка Құрама Штаттарына барады.

Онда Елбасы АҚШ Президенті Дональд Трамппен, сондай-ақ Америка Құрама Штаттарының  ресми және іскер топтар өкілдерімен кездесу өткізеді деп жоспарланып отыр.

Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.

Нұрсұлтан Назарбаев сапар аясында БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінің отырысына қатысады.

Хабар 24 телеарнасы