360,86 420.50 5.54
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

БҰҰ Бас Ассамблеясының 73-сессиясына 193 мемлекеттің делегаттары қатыспақ

  • 146
  • UPD: 22:39, 19.09.2018
БҰҰ Бас Ассамблеясының 73-сессиясына 193 мемлекеттің делегаттары қатыспақ

Нью-Йоркте Біріккен Ұлттар Ұйымы Бас Ассамблеясының 73-сессиясы өз жұмысын бастады.

Жыл сайын өтетін басқосуға 193 мемлекеттің делегаттары қатысады. Сессия аясында белгілі саяси қайраткер Нельсон Манделаның құрметіне арналған Бейбітшілік саммиті де өтеді. Сондай-ақ БҰҰ бас форумының күн тәртібінде есірткімен күрес, туберкулез дертін жою және қауіпсіз миграция бойынша жаһандық келісімшартты жүзеге асыру мәселелері талқыланады. Қауіпсіздік кеңесінде АҚШ президенті Дональд Трамптың төрағалығымен Иран бойынша мәжіліс өткізіледі. БҰҰ жанындағы Қазақстанның тұрақты өкілдігінде АҚШ бизнес өкілдерін жинау жоспарланған. Еліміз өткізетін басты шара – лаңкестіктен азат әлемге жету туралы тәртіп кодексін ұсынуы болмақ. Бұл құжат Нұрсұлтан Назарбаевтың бастамасымен жасалған болатын.

Қайрат Омаров, БҰҰ жанындағы Қазақстанның тұрақты өкілі:

– Алдағы сессияда Қазақстан делегациясы жұмысының басты тақырыптары бітімгершілік, қарусыздану мен ядролық қаруды таратпау, Біріккен Ұлттар Ұйымын реформалау, лаңкестік пен есірткіге қарсы күрес болмақ. Сондай-ақ тұрақты даму мәселелерін де қарастырамыз. Елбасының тапсырмасы бойынша, Қазақстан делегациясы Біріккен Ұлттар Ұйымы Бас Ассамблеясы күн тәртібіндегі негізгі сауалдарын талқылауға белсенді түрде қатысып отыр.

Хабар 24 телеарнасы