366.43 425.85 5.6
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Жолдау. Мемлекет басшысы ауыл шаруашылығы саласында өнімділікті арттыруды тапсырды

  • 182
  • UPD: 22:06, 05.10.2018

Елбасы бүгінгі Жолдауда заманауи технологияларды қолдана отырып, ауыл шаруашылығы саласында өнімділікті арттыруды тапсырды.

Тіпті, арпа мен бидай ғана себетін солтүстік аймақтарды мысалға келтіріп, жердің бабын тапса, суық өңірлерде де жеміс-жидек пен көкөністің түр-түрін өсіруге болатынын тілге тиек етті.

Дамир Берікұлы, damir130788@twitter.com

– Астықты Ақмола облысы өзінің ауыл шаруашылығымен танымал. Бүгінде еліміздегі бидайдың төрттен бірі осы өңірде өндіріледі. Бірақ өнімділік әр жерде әрқалай. Айта кетейік, қазір Ақмола облысында егін себумен айналысатын 4 жарым мыңнан астам шаруашылық бар. Олар биыл 4 млн гектардан астам жерге дән сіңірді. Егіннің өнімділігі де жаман емес. Диқандар қазір гектарына орта есеппен 13 центнерден өнім жинауда. Орақ науқаны да аяқталып келеді. Ақмолалықтар биыл 5 млн тоннадан астам астық жинаудан үмітті.

Хабар 24 телеарнасы