360,86 420.50 5.54
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Н.Назарбаев: 2019 жылы Астанада Ұлттық ғылыми онкологиялық орталықтың құрылысын бастау керек

  • 170
  • UPD: 13:58, 06.10.2018

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстан халқына жасаған жолдауында медициналық құжаттарды цифрландыру бағытына да мән берді. Назар аударайық.

«2019 жылдың 1 қаңтарынан бастап барлық емханалар мен ауруханалар медициналық құжаттарды қағазсыз, цифрлық нұсқада жүргізуге көшуі тиіс. Бұл 2020 жылға қарай бүкіл тұрғындардың электронды денсаулық паспорттарын жасауға, кезектерді, бюрократияны жоюға, қызмет көрсету сапасын арттыруға мүмкіндік береді. Осыған дейін жасалған кардиологиялық және нейрохирургиялық кластерлердің тәжірибесін пайдаланып, 2019 жылы Астанада Ұлттық ғылыми онкологиялық орталықтың құрылысын бастау керек».

ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаев,

Қазақстан халқына Жолдауы

Хабар 24 телеарнасы