378,17 430.15 5.89
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

АҚШ ғалымдары Қазақстанның серпінді дамуына тәнті

  • 352
  • UPD: 23:53, 08.01.2019
АҚШ ғалымдары Қазақстанның серпінді дамуына тәнті

Мэриленд университетінің халықаралық сауда, даму және қауіпсіздік жөніндегі мемлекеттік саясат мектебінің профессоры Прадип Капур біздің елмен ынтымақтастықты кеңейту туралы ойын жеткізді, деп хабарлайды «Хабар 24».

Оның айтуынша, Қазақстан мен АҚШ арасындағы екіжақты қарым-қатынастар 2018 жылдың қаңтарында Нұрсұлтан Назарбаев пен Дональд Трамппен келісілген кеңейтілген стратегиялық әріптестік аясында дамып келеді. Екі ел саясат, қауіпсіздік, сауда және инвестиция мәселелері ғана емес, өзге де салалар бойынша әріптестікті арттыруды көздейді.

Прадип Капур, Мэриленд университетінің профессоры (АҚШ):

- Қазақстан өте қарқынды дамып келеді және ол әлемдегі маңызды серіктестердің бірі болып отыр. Бұл қызметкерлердің қоғамда болатын жағдайларға байланысты туындайтын жоғары сұраныс тажұмыс істеуге дайын болуын талап етеді және біз білікті мамандар даярлауда ынтымақтасуға және қолдау көрсетуге дайынбыз.

Хабар 24 телеарнасы