378.98 423.00 5.88
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Елімізде «Батыс пен Шығыс» геосаяси болжау орталығы құрылды

  • 175
  • UPD: 13:48, 26.04.2019
Елімізде «Батыс пен Шығыс» геосаяси болжау орталығы құрылды

Аталған орталық халықаралық сарапшылардың пікір алаңына айналмақ.

Бұл туралы «21 ғасырдағы көпполярлы әлем» атты халықаралық конференция барысында айтылды. Елордада осымен екінші күн қатарынан өтіп жатқан шараға АҚШ, Ресей, Армения, Ауғанстан, Беларусь және Ұлыбритания сынды алыс-жақын шет мемлекеттерден сақа сарапшылар келді.  Олар, геосаяси ынтымақтастық тақырыбын талқылап, Қазақстанның әлем алдындағы беделіне жоғары баға берді. Дүние жүзінен жиналған үздік мамандар «Бір белдеу, бір жол» жобасын да тілге тиек етті. Қазақ елі Еуропа  және Орта Азия арасын жалғайтын «алтын көпірге» айналды. Бұл басқа мемлекеттердің экономикалық өсуіне зор мүмкіндік туғызады екен. Яғни осы экономикалық белдеу - жібек жолын бойлаған көп елдердің ішкі мүмкіндіктерін ашып қуаттандыра түскен.

Валентин Якушек, саясаттанушы /Украина/:

- «Бір белдеу, бір жол» жобасындағы Қазақстанның рөлін ерекше атауға болады. Өйткені Қазақстан күре жолдың бойында жатыр. Қос құрлықты қосып тұр. Тауар тасымалы жеңілдейді. Геосаяси немесе экономикалық тұрғыдан болсын алға ұмтылған ел. Жібек жолы белдеуі арқылы көптеген елдің сауда-саттығы жандана бастайтыны анық.

Хабар 24 телеарнасы