380,56 429.20 5.98
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


ТМД атқару комитетінен келген сайлау бақылаушылары миссиясына кірісті

  • 214
  • UPD: 15:29, 20.05.2019

Қазақстандағы президент сайлауын ТМД атқару комитетінен келген 300 байқаушы бақылайды.

Олар сайлау науқанының дайындығы мен өткізілу тәртібінің заңға сәйкестігін бақылайды. Байқаушылардың миссиясы бүгіннен басталды. Бұл туралы ТМД атқару комитеті төрағасының бірінші орынбасары Виктор Гуминский мәлімдеді. Байқаушылар тобы бүгін еліміздің орталық сайлау комиссиясының төрағасы Берік Имашевпен кездесті. Басқосуда электораттық науқанның барлық кезеңдері, яғни ұсыну, тіркеу, сайлауалды үгіт, дауыс беру күні сондай-ақ Сайлау туралы Конституциялық заңға енгізілген өзгерістер туралы айтылды. Еске сала кетейік, 2015 және 2016 жылы өткен сайлау науқанында ТМД-дан 700-ден астам байқаушы қатысқан болатын.

Виктор Гуминский, ТМД Атқару комитеті төрағасының бірінші орынбасары:

- Бүгінге дейін ТМД елдерінен 90-ға жуық адам аккредитациядан өтуге өтініш білдірді. Әзірге төрт мемлекеттен ресми хат келді. Олар Ресей, Беларус, Тәжікстан және Түркіменстан. Дипломатиялық топқа кіретін 20 адам ұзақ мерзімді байқаушы ретінде Нұр-Сұлтан қаласында және ТМД атқарушы комитетінде тіркелді. Олар науқанның сайлау туралы заң талаптарына сай ұйымдастырылуын бақылайды. Ал қысқа мерзімді байқаушылар сайлау күнінен бір екі күн бұрын келіп, аймақтардағы сайлау учаскелеріндегі ахуалды қадағалайды. Миссия өкілдері сайлау процесіне, мемлекеттің ішкі істеріне араласпай тек сырттай бақылау құқығына ие.

Хабар 24 телеарнасы