378,83 431.00 6.05
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Қ.Тоқаев Г.Науседаны Литва Президенті лауазымына сайлануымен құттықтады

  • 129
  • UPD: 15:22, 01.06.2019
Қ.Тоқаев Г.Науседаны Литва Президенті лауазымына сайлануымен құттықтады

Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Гитанас Науседаны Литва Республикасының Президенті лауазымына сайлануымен құттықтады.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Гитанас Науседаға Литва Республикасының Президенті лауазымына сайлануына байланысты құттықтау жеделхатын жолдады.

«Мемлекеттеріміз арасындағы достық пен түсіністікке негізделген қарым-қатынастардың одан әрі жалғасатынына, халықтарымыздың игілігі үшін дами түсетініне кәміл сенемін. Сізге аса жауапты қызметіңізде мол табыс, ал достас Литва халқына бақ-береке тілеймін», – делінген жеделхатта.

Хабар 24 телеарнасы