378,83 431.00 6.05
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


А.Гутерриш Қ.Тоқаевты сайлаудағы жеңісімен құттықтады

  • 132
  • UPD: 10:13, 12.06.2019

Антониу Гутерриш Қасым-Жомарт Тоқаевты президент сайлауындағы айқын жеңісімен құттықтады.

БҰҰ-ның Бас хатшысы Мемлекет басшысына табыс тілеп, оның жоғары лауазымдағы қызметі Қазақстан халқының ырысы мен бірлігін нығайтуға бағытталатынына сенім білдірді.

– Сізді Біріккен ұлттар ұйымында тәжірибелі де танымал саяси қайраткер ретінде жақсы білеміз. Өзіңізді досымыз деп санаймыз, – деді А.Гутерриш.

Қасым-Жомарт Тоқаев Антониу Гутерришке құттықтағаны үшін ризашылық білдіріп, Қазақстанның БҰҰ-мен ықпалдастығын одан әрі пәрменді түрде жалғастыруға ниетті екенін айтты.

Сұхбат барысында екі жақты ынтымақтастық пен жаһандық Ұйымның күн тәртібіндегі мәселелер талқыланды

Хабар 24 телеарнасы