383,43 430.12 5.96
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Мемлекет басшысы: Әкімдер кабинеттерінен шығып, халықпен ашық диалогқа баруы керек

  • 138
  • UPD: 21:10, 12.06.2019

Мемлекет басшысы облыстардың және Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент қалаларының әкімдерімен кеңес өткізді, деп хабарлайды «Хабар 24».

Президент әкімдер алдына бірқатар міндет қойды. Қасым-Жомарт Тоқаевтың пікірінше, ең алдымен азаматтарымыздың құқығы мен бостандығын, қоғамда тыныштық пен қауіпсіздікті қамтамасыз ету керек. Елде заң үстемдік құруы қажет. Заң алдында барлық азаматтардың құқығы бірдей. Сондықтан заң үстемдігін қамтамасыз ету маңызды. Әкімдер кабинеттерінен шығып, халықпен ашық диалогқа баруы керек. Билік халықты тыңдап, олардың талап-тілектеріне зейін қоюы керек, – деді Қасым-Жомарт Тоқаев. Мемлекет басшысы еліміздегі мемлекеттік саясатты дұрыс түсіндіру мәселесіне тоқталды. Бүгінгі ең өзекті мәселе жұмыс орындарын ашу. «Аймақтарда жұмыс орындарын ашу әкімдердің жұмысының басты көрсеткіші болады. Бұл үшін барлық мүмкіндіктерді қарастыру керек», – деді Қазақстан Президенті. Қасым-Жомарт Тоқаев жуық арада Ұлттық қоғамдық сенім кеңесі құрылатынын атап өтіп, осы Кеңеске мүше болатын азаматтарды барлық өңірден ұсыну қажет екенін айтты. Сонымен қатар Президенттің кадрлық резервіне де ұсыныстар әзірлеу керектігіне назар аударылды. «Әр өңірден ұсыныстар беріңіздер. 300 жас маманды іріктеп, мемлекеттік қызметтің барлық саласына тарту керек. Бірақ осы жас мамандарды іріктеу ісі әділ жүргізілсін», – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Хабар 24 телеарнасы