389,98 432,20 6.09
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Р.Қажыбаева ҚР президенті телерадиокешенінің бас директоры қызметіне тағайындалды

  • 218
  • UPD: 08:13, 27.08.2019
Р.Қажыбаева ҚР президенті телерадиокешенінің бас директоры қызметіне тағайындалды

Раушан Жаңабергенқызы Қажыбаева Қазақстан Республикасы президенті телерадиокешенінің бас директоры болып тағайындалды. Бұл туралы Мемлекет басшысының баспасөз хатшысы Берік Уәли хабарлады.

«Бұған дейін Раушан Қажыбаева ҚР Премьер-Министрінің кеңесшісі, ҚР Парламент Сенаты төрағасының кеңесшісі, ҚР Парламент Сенаты баспасөз қызметінің жетекшісі, ҚР Премьер-Министрі баспасөз қызметінің басшысы, баспасөз хатшысы, «Қазақстан темір жолы» ҰҚ» АҚ қоғаммен байланыс департаментінің директоры болып қызмет атқарды. Сондай-ақ республикалық «КТК» және «Қазақстан» телеарналарында жұмыс істеген» деп жазды Берік Уәли Facebook парақшасында.

Хабар 24 телеарнасы