389,53 428,03 6.01
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Елордаға Еуропа мен Азияның 84 елінен парламент басшылары келді

  • 207
  • UPD: 11:34, 24.09.2019
Елордаға Еуропа мен Азияның 84 елінен парламент басшылары келді

Елордада «Үлкен Еуразия: Диалог. Сенім. Серіктестік» тақырыбында Еуразия елдері парламенттері төрағаларының IV кеңесі өз жұмысын бастады, деп хабарлайды «Хабар 24».

Бұл форумға Еуропа мен Азияның 84 елінен парламент басшылары, 14 халықаралық және парламентаралық ұйымдардың жетекшілері келді. Бұл жиын Елбасының Еуразиялық интеграция туралы идеясының 25 жылдығымен тұспа-тұс келіп отыр. Қазақстанның басты ұстанымы – Еуразия елдері арасында болатын қарама-қайшылықтарға, сонымен қатар жаһандық қауіп-қатерлерге қарсы бірлесе әрекет ету. Кездесуге Қазақстанның Тұңғыш Президенті – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев та қатысып, еліміздің тәуелсіздік алған жылдардағы жетістіктеріне тоқталып өтті. Елбасы Қазақстан осы уақыт ішінде дамыған 50 елдің қатарына қосылып, жалпы ішкі өнім 18 есе өскенін және республика экономикасының көлемі Орталық Азия елдерінің жалпы ішкі өнімінен 2 есе асып түскенін атап өтті. Сонымен қатар заң шығарушы органдардың өзара ынтымақтастығын тілге тиек етті.

Нұрсұлтан Назарбаев, Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы:

- Осы кеңестің табысты жұмыс істеуіне баршамыз мүдделіміз. Келгендеріңізге ризашылығымызды білдіреміз. Біз заң шығару органының қызметіне ерекше мән береміз. Қазақстан депутаттары шетелдік әріптестерімен кең көлемді байланыс орнатып, мемлекетаралық достықты нығайта түсті. Елдеріміздің жоғарғы органдарының депуттары Еуразияда ынтымақтастық аясын одан әрі кеңейтеді деп сенемін. 

Хабар 24 телеарнасы