384,77 427,95 6.05
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Нұрлан Нығматулин Солтүстік Македония ассамблеясының төрағасымен кездесті

  • 279
  • UPD: 15:30, 25.09.2019

Мәжіліс спикері Нұрлан Нығматулин Солтүстік Македония ассамблеясының төрағасы Талат Джаферимен кездесті.

Екеуара әңгіме барысында төменгі палата төрағасы Қазақстан бұл шет мемлекетпен ынтымақтастықты нығайтуға мүдделі екенін айтты. Әсіресе, ауыл шаруашылығы өнімдерін қайта өңдеу саласы бойынша байланыс орнатып, сауда-экономикалық қарым-қатынасты мықтай түсуге ынталымыз. Сондай-ақ мәдени-гуманитарлық әріптестік аясында туризмнің тиімділігін арттыру мүмкіндігі де бар. Тараптар Еуропа мен Азия елдері арасында парламенттік диалогты дамытуға жаңа серпін берген Еуразия елдері парламенттері спикерлерінің 4-кеңесі туралы да ой бөлісті. Солтүстік Македония өкілі форумның өте жоғары деңгейде өткенін айтып, ризашылығын білдірді.

Хабар 24 телеарнасы