386,44 428,48 6.05
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Қазақстан мен Иордания онкология мәселелерін зерттеу саласында ынтымақтастықты ұлғайтуға ниетті

  • 199
Қазақстан мен Иордания онкология мәселелерін зерттеу саласында ынтымақтастықты ұлғайтуға ниетті

Парламент Сенатының төрағасы, Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті қорының директоры Дариға Назарбаева Нұр-Сұлтанда өтіп жатқан қатерлі ісікпен күрес көшбасшыларының дүниежүзілік саммиті аясында бірқатар кездесулер өткізді, деп хабарлайды parlam.kz

Жоғарғы палата басшысы Иордания Хашимит Корольдігінің патшайымы, қатерлі ісікті халықаралық бақылау одағының президенті Дина Миредпен кездесті. Тараптар Тұңғыш Президент қорының және Король Хусейннің обырмен күрес қорымен ынтымақтастық мүмкіндіктерін талқылады.

«Тұңғыш Президент қоры денсаулық сақтау және жастардың ғылыми зерттеулерімен бірге түрлі бағыттардағы жобаларды қаржыландырады. Қордың директоры ретінде біздің ұйымдардың ынтымақтастық мүмкіндіктерін қарастыруды ұсынамын. Біз онкология мәселелерін зерттеу саласындағы жұмысымызды күшейтуге ықыластымыз», – деді Дариға Назарбаева.

Хабар 24 телеарнасы