386,20 429,31 6.05
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Дариға Назарбаева өзбекстандық әріптесі Танзила Нарбаевамен кездесті

  • 182
  • UPD: 18:21, 05.11.2019

Қазақстан Парламентінің сенаты мен Өзбекстан Олий Мәжілісінің сенаты 2019-2020 жылдарға арналған бірлескен жол картасын қабылдады.

Бүгін елордада жоғары палата төрағасы Дариға Назарбаева өзбекстандық әріптесі Танзила Нарбаевамен кездесіп, тиісті құжатқа қол қойды. Мәртебелі мейманның бұл сапары көрші мемлекеттің елімізбен ынтымақтастықты одан әрі нығайтуға деген ниетін аңғартса керек. Себебі Қазақстан мен Өзбекстан Орталық Азиядағы ірі стратегиялық серіктес елдер.

«Былтыр өзара тауар айналымы 2 жарым миллиард АҚШ долларына жетті. Алда 5 миллиардтық меже тұр» деді Сенат спикері Дариға Назарбаева. Осы ретте тараптар инвестиция, энергетика, туризм, аймақаралық әріптестік және транзиттік-көліктік байланыстар дамытулы қажет деген пікір білдірді. Ал парламенттік деңгейде екіжақты шарттар мен келісімдер тез арада бекітілуі тиістігін айтты. 

Дариға Назарбаева, ҚР Парламенті Сенатының Төрағасы:

- Тұңғыш Президентіміз Нұрсұлтан Назарбаев пен Өзбекстан Президенті Шавкат Мирзиёев ұстанған стратегиялық және сыртқы саясат бүгінде қарқынды дамып келе жатқан екіжақты байланысымызға негіз қалыптастырды. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев та сырт елдерге екінші сапарын Өзбекстанға жасап, тату, көршілік қатынас басым бағыт болып қала беретінін аңғартты. 

Танзила Нарбаева, Өзбекстан Республикасы Олий Мәжілісі Сенатының Төрағасы:

- Екі елдің Парламенті заңдарды үндестіре білуі қажет. Арадағы тығыз байланысты нығайту үшін құқықтық негіз қалыптастырамыз. Осы мақсатта жол картасына қол қойдық. Яғни қоян-қолтық жұмысқа кірісеміз.

Хабар 24 телеарнасы