384,77 427,95 6.05
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Күш біріктіру арқылы ғана жаңа қауіптер мен тегеуріндерге қарсы тұра аламыз – Н.Назарбаев

  • 199
  • UPD: 11:21, 12.11.2019
Күш біріктіру арқылы ғана жаңа қауіптер мен тегеуріндерге қарсы тұра аламыз – Н.Назарбаев inform.kz

Бір елдің немесе аймақтың ғана емес, тұтас адамзаттың келешегі бүгінгі емтиханды қалай өткенімізге байланысты болмақ.

Astana Club отырысында ҚР Тұңғыш Президенті – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев осылай деді, деп хабарлады ҚазАқпарат.

«Бүкіл Еуразияда қауіпсіздік пен тұрақтылықсыз ешкім де ұзақ мерзімді дамуға қол жеткізе алмайтынын Қазақстан ұғып отыр. Сол себепті бүгінгі жағдайда құрлықтағы барлық елдер тар аймақшылыққа, блоктық ойламға берілмей, еуразиялық ауқымды санатта ойлануы тиіс. Тек осылай ғана Еуразиялық субқұрлық өзіне тән әлеуетті іске асыра алады. Дәл осы ретте біздің клуб Үлкен Еуразия атты жаңа геосаяи құрылымда бірыңғай алаң болып отырғаны қуантады», - деді Нұрсұлтан Назарбаев Astana Club отырысында.

Елбасы әйгілі ойшыл Арнольд Тойнбидің сөзін келтірді.

«Тарихтың сын-тегеурініне қарсы тапқан жауаптарына қарай әрбір қоғам дамып, жеңіп келеді. Тарих – қатал экзаменатор. Көп ел бұрыс немесе орынсыз әрекеті үшін жауап берген. Бір елдің немесе аймақтың ғана емес, тұтас адамзаттың келешегі бүгінгі сынақты қалай өткенімізге байланысты болмақ. Тек күш біріктіру арқылы ғана жаңа қауіптер мен тегеуріндерге қарсы тұра аламыз», - деді Нұрсұлтан Назарбаев.

Айта кетсек, елордада ҚР Тұңғыш Президенті – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың қатысуымен елордада Astana Club отырысы өтіп жатыр. Кезекті басқосуға әлемнің 23 мемлекетінен геосаясат, экономика мен халықаралық қатынастар саласының маңдайалды сарапшысы ретінде мойындалған 50-ден астам халықаралық спикер қатысуда. Құрметті меймандардың қатарында 3 бұрынғы мемлекет басшысы, 5 экс премьер-министр, 10 министр және Нобель сыйлығының лауреаты бар.

Хабар 24 телеарнасы