384,77 427,95 6.05
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Елбасы Жансейіт Түймебаевты қабылдады

  • 171
  • UPD: 19:50, 18.11.2019

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстан халқы Ассамблеясы Төрағасының орынбасары Жансейіт Түймебаевты қабылдады, деп хабарлайды «Хабар 24».

Кездесу кезінде Ассамблеяның тыныс-тіршілігі сөз болды. Сондай-ақ Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқына жолдауында айтылған мақсат-міндеттерді орындау және кеңінен насихаттау жайын талқылады.

Жансейіт Түймебаев Ассамблея атқарып жатқан жұмыстарға нақты тоқталып, іс-шаралардың маңыздылығын тілге тиек етті. Өз кезегінде Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев халықаралық бағыттағы жұмыстарды нығайту қажеттігін айтып, нақты тапсырмалар берді.

Хабар 24 телеарнасы