384,77 427,95 6.05
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Қ.Тоқаевтың басшылығымен стратегиялық командалық-штабтық оқу-жаттығулары өтті

  • 213
  • UPD: 22:39, 22.11.2019

Бүгін Президент әрі Қарулы күштердің Жоғарғы Бас қолбасшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың басшылығымен стратегиялық командалық-штабтық оқу-жаттығулары өтті, деп хабарлайды «Хабар 24».

Шара барасында Мемлекет басшысына оқу-жаттығулардың негізгі міндеттері мен кезеңдері туралы мәлімет берілді. Бұл оқу-жаттығулар қазіргі сын-қатерлерді ескере отырып, еліміздің қорғаныс жүйесі мен әскери қауіпсіздігін нығайту мақсатында ведомствоаралық іс-қимылдарды пысықтауға бағытталған. Жоғарғы Бас қолбасшы әскери қауіпсіздік саласындағы нормативтік-құқықтық актілерді жетілдіру және қорғаныс жүйесі алдындағы міндеттерді шешу үшін мемлекеттік органдарды дайындау шараларын қолға алу жөнінде бірқатар тапсырма берді.

Хабар 24 телеарнасы