376,16 406 5,90

+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Дариға Назарбаева: Біздің бәсекеге қабілеттілігіміз төмендеп барады

  • 233
  • UPD: 23:04, 24.01.2020

«Біздің бәсекеге қабілеттілігіміз төмендеп барады. Жұмысты ширатқан жөн, ол үшін цифрлық жүйелерге иек артуымыз керек».

Парламенттік тыңдауға дайындық аясында ауыл шаруашылығы саласының мамандарымен өткен кездесуде Сенат спикері Дариға Назарбаева осылай деді, деп хабарлайды «Хабар 24».

Жиынға министрлік өкілдерімен қатар Ақмола, Қарағанды және Түркістан облыстарының ветеринария және ауыл шаруашылығы басқармаларының басшылары қатысты. Талқыға түскен тақырып көп. Айталық, Статистика комитетінің төрағасы мал есебін жүргізу рәсімдерін пысықтау қажет дейді. Сондай-ақ ветеринарлық станциялар мен пунктерде маман саны қажетті мөлшерде емес. Дариға Назарбаева агроөнеркәсіп кешенін сандық технологияларға икемдеу, малға бирка салуды ынталандыру, ғарыштық мониторинг жүйесін пайдалану секілді бастамаларды қолдайтынын білдірді.

Хабар 24 телеарнасы