419,02 492,14 5.75
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Түркиядағы апаттан қаза тапқандар мен жараланғандар арасында қазақстандықтар жоқ – СІМ

  • 341
  • UPD: 23:09, 25.01.2020
Түркиядағы апаттан қаза тапқандар мен жараланғандар арасында қазақстандықтар жоқ – СІМ

Алдын ала мәлімет бойынша Түркиядағы жер сілкінісі кезінде зардап шеккендер мен қаза болғандар арасында Қазақстан азаматтары жоқ.

Бұл туралы ҚР СІМ баспасөз қызметі мәлімдеді.

«Түркия тарапы берген алдын ала ақпарат бойынша, зардап шеккендер арасында ҚР азаматтары тіркелген жоқ» делінген СІМ хабарламасында.

2019 жылы 24 қаңтарда Түркияның шығысында магнитудасы 6,8 балдық жер сілкінісі болды. Ошағы Элязыг провинциясында тіркеліп, кіндігі 7 шақырым тереңдікте болды. Соңғы мәліметтер бойынша жер сілкінісі салдарынан қаза тапқандардың саны 22 адамға жеткен.

Хабар 24 телеарнасы