429,37 504,00 5.54
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Азаматтардың табысын арттыру үшін 200 миллиард теңгеден астам қаражат бөлінеді

  • 234
Азаматтардың табысын арттыру үшін 200 миллиард теңгеден астам қаражат бөлінеді

Мұқтаждар көмексіз қалмайды.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев өз мәлімдемесінде бұған ерекше тоқталып өтті. Жалпы, азаматтардың табысын арттыру үшін мемлекет тарапынан 200 миллиард теңгеден астам қаражат бөлінеді. Президент бұған дейін дағдарысқа қарсы алғашқы шаралар топтамасын жариялағанын айтты. Жалпы, 3 миллионға жуық азаматымызға қолдау көрсетіледі.

Қасым-Жомарт Тоқаев, Қазақстан Республикасының Президенті:

– Енді, 42500 теңге көлеміндегі осы көмекті алатын азаматтардың санатын кеңейтуді тапсырамын.Соған орай, бұл қолдауға өзін-өзі жұмыспен қамтығандар мен ресми тіркелмей жұмыс істейтіндер де ие болады. Бұл көмек белгіленген тәртіп бойынша шын мәнінде мұқтаж адамдарға ғана беріледі.

Хабар 24 телеарнасы