428,02 497,47 5.54
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Қазақстан мен Моңғолия арасындағы ынтымақтастық мәселелері талқыланды

  • 172
  • UPD: 17:13, 13.08.2020
Қазақстан мен Моңғолия арасындағы ынтымақтастық мәселелері талқыланды

Қазақстанның Монғолиядағы елшісі Жалғас Әділбаев Моңғолия премьер-министрінің орынбасары – Төтенше жағдайлар жөніндегі мемлекеттік комиссияның төрағасы Янгуг Содбаатармен кездесіп, екіжақты ынтымақтастық мәселелерін талқылады, деп хабарлады ҚР СІМ баспасөз қызметі.

Кездесу басында дипломат Я.Содбаатарды Моңғолия премьер-министрінің орынбасары қызметіне тағайындалуымен құттықтап, қызметіне сәттілік тіледі.

Кездесу барысында елші Моңғолия Үкіметінің елде коронавирус індетінің таралуының алдын алу мақсатында жүргізіліп жатқан профилактикалық шаралардың тиімділігін атап өтті.

Сонымен қатар Қазақстан мен Моңғолия азаматтарын отанына қайтару жөніндегі жұмысты үйлестіру мақсатында тамыз айында Ұлан-Батыр – Нұр-Сұлтан – Ұлан-Батыр бағыты бойынша арнайы рейсті ұйымдастыру туралы мәселелер талқыланды.

Сонымен қатар тараптар саяси және сауда-экономикалық салалардағы екіжақты ынтымақтастықты одан әрі дамыту мүмкіндіктерін талқылады.

Хабар 24 телеарнасы