432,64 506,00 5.46
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Қазақстан мен Германия ынтымақтастығының мәселелері талқыланды

  • 109
  • UPD: 11:57, 29.09.2020
Қазақстан мен Германия ынтымақтастығының мәселелері талқыланды

Сыртқы істер министрі Мұхтар Тілеуберді Германия Федеративтік Республикасының Қазақстандағы елшісі Тило Клиннерді қабылдады.

Тараптар ЕҚЫҰ және БҰҰ аясындағы өзара іс-қимылдың өзекті мәселелері бойынша пікір алмасып, сондай-ақ екіжақты саяси және инвестициялық ынтымақтастықтың кейбір мәселелерін талқылады. Атап айтқанда, сауда-экономикалық ынтымақтастық жөніндегі Үкіметаралық жұмыс тобының, стратегиялық ынтымақтастық жөніндегі Қазақстан – Герман Іскерлік кеңесінің және Берлин Еуразиялық Клубының осы үдерістегі маңызды рөлі атап өтілді, деп хабарлады ҚР СІМ баспасөз қызметі.

Әңгімелесу барысында гуманитарлық саладағы ынтымақтастыққа, орта білім беру жүйесінде және тиісті орталықтар желісі арқылы неміс тілін оқытуды кеңейтуге ерекше назар аударылды. Қазақстандағы шамамен 200 мың адамнан тұратын неміс диаспорасы және Германиядағы 900 мыңға жуық «қазақстандық» немістер түріндегі екі ел арасындағы «жанды көпірдің» болуының зор маңызы атап өтілді.

Бүгінгі таңда Германия Қазақстанның ең ірі сауда серіктестері мен инвесторларының бірі болып табылады. 2019 жылдың қорытындысы бойынша ҚР мен ГФР арасындағы тауар айналымы 1,8 млрд АҚШ долларын құрады. Соңғы 15 жылда Германиядан Қазақстанға тікелей инвестициялар ағыны шамамен 5 млрд АҚШ доллары болды.

Қазақстанға неміс инвестицияларының 90% жуығы «шикізаттық емес секторға», оның ішінде ШОБ кәсіпорындарын қолдауға және дамытуға жұмсалады.

Қазақстанда герман капиталының қатысуымен 960-тан астам кәсіпорын жұмыс істейді. Олардың арасында «SIEMENS», «METRO», «KNAUF», «Heidelberg Cement», «BASF», «Linde AG», «CLAAS», «WILO» және басқа да ірі компаниялардың өкілдері бар.

Хабар 24 телеарнасы