430,51 507,70 5.56
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Бауыржан Байбек: Билеуші партия ретінде өтірік уәде бере алмаймыз

  • 166
  • UPD: 14:17, 03.10.2020

Елімізде «Праймериз-2020» патрия ішіндегі сайлауы жалғасып жатыр, деп хабарлайды «Хабар 24».

Оған үміткер ретінде10 мыңнан аса адам тіркелген. Ал партия мүшелері бірнеше кандидатқа дауыс бере алады. Ең бастысы, өз ауданындағы үміткерлерді ғана таңдауы қажет. Саяси науқан онлайн үлгіде, яғни арнайы платформада жүріп жатыр. Ал егер дауыс беруші техникалық кедергілерге тап болса, сайлау учаскелеріне бара алады. Елорданың өзінде осындай 39 орын бар. Интернет желісі нашар жұмыс жасайтын аймақтарда дәстүрлі үлгіде таңдауын жасайды. Осы мақсатта еліміз бойынш 82 мың бюллетень дайындалған. Ал сайлаудың жалпы қорытындысы 5 және 6 қазанда белгілі болады.

Бауыржан Байбек, «Nur Otan» партиясы төрағасының бірінші орынбасары:

– Елбасы Үнемі айтып отырады, Nur Otan – нақты істер партиясы. Біз орындалмайтын уәделерді бере алмаймыз. Сондықтан хайп ұстаған адамдарға айтарым, шегі болу керек қой. Билеуші партия ретінде өтірік уәде бере алмаймыз. Бұл біз үшін өте маңызды мәселе.

Хабар 24 телеарнасы