428,68 501,70 5.52
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


А.Мамин РФ Үкіметінің төрағасы М.Мишустинмен келіссөз жүргізді

  • 105
  • UPD: 23:43, 07.10.2020
А.Мамин РФ Үкіметінің төрағасы М.Мишустинмен келіссөз жүргізді primeminister.kz

ҚР Премьер-Министрі Асқар Мамин Мәскеу қаласына жұмыс сапары аясында РФ Үкіметінің Төрағасы Михаил Мишустинмен келіссөз жүргізді.

Тараптар сауда-экономикалық, қаржы-инвестициялық, энергетика салаларындағы, сондай-ақ өнеркәсіптік кооперациядағы екіжақты ынтымақтастықты одан әрі арттыру мәселесін талқылады. Еуразиялық экономикалық одақ форматындағы өзара іс-қимылдың өзекті мәселелері қаралды.  COVID-19 індетінің таралуына қарсы күрес және екі елдің экономикасы үшін пандемияның салдарын жою жөніндегі бірлескен шараларға ерекше көңіл бөлінді. Сонымен қатар Мәскеу қаласына сапар барысында ҚР Премьер-Министрі А. Маминнің Ресейдің орталық мемлекеттік органдарының, мемлекеттік корпорациялары мен қаржы-банк құрылымдарының басшылығымен кездесулері жоспарланған.

Ақпарат көзі: primeminister.kz

Хабар 24 телеарнасы