380,56 429.20 5.98
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Астанада велотректен Қазақстан чемпионаты жалғасып жатыр

  • 490
  • UPD: 22:29, 27.01.2017

Астанадағы «Сарыарқа» спорт кeшенінде велотректен Қазақстан чемпионаты жалғасып жатыр.

Еліміздің әр түкпірінен жиналған 200-ден астам спортшы чемпиондық атақтан бөлек, Ұлттық құрама жолдамасын сарапқа салады. Өйткені дәл осы додада үздік атанғандар алдағы айда өтетін Азия чемпионаты мен Әлем кубогына қатысады. Сонымен алғашқы 3 жарыс күні артта қалды. Нәтижесінде қарағандылық Павел Воржов, павлодарлық Заки Сұлтанов және Оңтүстік Қазақстаннан келген Сұлтан-мұрат Миралиевтер жеңімпаз атанды. Чемпионат 29 қаңтарға дейін жалғасады және тек ересектер арасында ғана емес, жастар мен жасөспірімдер арасында да мықтыларды анықтайды.

Хабар 24 телеарнасы