386,71 427,30 5.98
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Францияда «Тур де Франс» веложарысы аяқталды

  • 619
  • UPD: 16:20, 24.07.2017

Бір ғасырлық тарихы бар «Тур де Франс» велобәйгесі өз мәресіне жетті. Кеше 20-шы кезең өтіп, онда шабандоздар жекелей сында бақ сынады.

Жеке дара өз күшіне сеніп шығатын веложарыс уақыттың қысқалығын ұнатады. 22 шақырымды ең жылдам жүріп өткен шабандоз жеңімпаз атанады. «Бора-Хансгрое» командасының өкілі Матей Боднар мәре сызығын 28 минутта кесіп, бірінші орынға ие болды. Ал оның отандасы польшалық Михал Квитковский небәрі 1 секундқа кеш келді. «Астана» командасынан Алексей Луценко жоғарғы көрсеткіш тіркесе, Дмитрий Груздев біршама қиналғанын айтты.

Дмитрий Груздев, «Астана» велокомандасының шабандозы:

– Иә, бүгінгі жарыс жолы оңайға соқпады. Бұрылыстары өте ыңғайсыз екен. Бірден тіке тауға шығып, құлдилап төмен сырғуға тура келді. Осындай жарысты нашар өткізсең, көп ұпай жоғалтасың. Сондықтан ауыр күн болды.

Александр Винокуров бастаған елордалық команда басты классификациядағы бесінші орынды сақтап қалатыны анық. Себебі команда капитаны Фабио Ару өз деңгейінде өнер көрсетті.

Ермұхамед Мәулен, тілші:

– Әлемге әйгілі «Тур де Франс» велокөпкүндігінің 20-ші кезеңі Марсель қаласындағы атақты «Велодром» стадионында мәреге жетті. Жекелей сында өнер көрсеткен «Астана» командасының шабандоздары да жақсы нәтиже көрсетті. Ал енді біз 102-мәрте өткізіліп отырған велобәйгенің соңғы кезеңін Париждің Елисей алаңдарынан тамашалайтын боламыз.

Авторлары: Ермұхамед Мәулен, Әнуар Абдырахманов

Хабар 24 телеарнасы