389,86 435,60 6.11
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Жанат Жақиянов пен Райан Барнеттің бокс кешінде чемпиондық атақ сарапқа салынады

  • 484
  • UPD: 23:16, 26.08.2017
Жанат Жақиянов пен Райан Барнеттің бокс кешінде чемпиондық атақ сарапқа салынады qsport.kz

Жақиянов пен Барнеттің андеркартында жұдырықтасатын боксшылардың ішінде чемпиондық титулды сарапқа салатындар бар.

21 қазан күні Солтүстік Ирландияда жеңіл салмақта WBA (Super) тұжырымы бойынша Әлем чемпионы Жанат Жақиянов пен IBF тұжырымының чемпионы Райан Барнеттің арасында өтетін бокс кешінде тағы бір титулды жекпе-жек болады.

Солтүстік Ирландиялық кіші Пол Хэйланд(16-0, 6KO) пен Стивен Ормонд (24-4, 13KO) IBF-тің Батыс және Шығыс Еуропа бойынша чемпионын анықтайтын болады.

Еске салайық, Жақиянов келесі 21 қазан күні Белфаст (Солтүстік Ирландия) қаласындағы SSE Arena спорт кешенінде өткізеді. Оның қарсыласы IBF белбеуінің иегері Райан Барнетт. Отандасымыз 27 кездесу өткізіп, тек бір жекпе-жекте жеңілістің кермек дәмін татқан. Соңғы рет ZZ шаршы алаңға 11 ақпан күні Толедо (АҚШ) қаласында шығып, америкалық Роуши Уорреннен үстем түсіп, жеңіл салмақтағы WBA (Super) және IBO белбеулерін жеңіп алды. Бірақ кейіннен Жақиянов IBO белбеуінен бас тартты. Ал ирландиялық былғары қолғап шебері кәсіпқой бокс шаршы алаңында 17 кездесу өткізіп, барлығында жеңіске жеткен. 9 рет ол қарсыласын нокаутқа жіберген.

Ақпарат көзі: Qsport.kz

Хабар 24 телеарнасы